Асық атудан жарыс

 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай Шет аудандық прокуратурасының, пробация қызметінің және Ақадыр кенті әкімдігінің ұйымдастыруымен пробация есебінде тұрған тұлғалар арасында ұлтымыздың көне ойыны – асық атудан жарыс өткізілді.

Екі күнге созылған жарыстың нәтижесі бойынша бірінші орынды Нұрқасым Сәкен, екінші орынды Мейрамов Ұлан, үшінші орынды Есжанов Аян жеңіп алды. Жарыс жеңімпаздары мен жүлегерлері арнайы дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ұлттық ойындарымызды ұлықтай берейік!

Қ.БЕКҚОЖИН,

Ақадыр кенті