Мамандық таңдау: болашаққа бастар маңызды қадам

Мамандық таңдау – әр адамның өмір жолындағыең жауапты әрі маңызды шешімдердің бірі. Бұл таңдаудың дәлдігі болашақтағы өмір сапасына, еңбек нарығындағы орныңа, өз ісіңе деген қанағаттану сезіміне тікелей әсер етеді. Сондықтан жасөспірім кезеңде қабылданатын бұл шешім жеңіл-желпі қарауды емес, терең ойлануды талап етеді.

«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының аға оқытушылары К.К.Нуржанова, Г.К.Сағатова, А.Б.Біраяқ Қарағанды қаласының 9 жылдық «№64 негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барып, мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Дегенмен, мамандықты тек сұранысқа қарай таңдау жеткіліксіз. Ең алдымен, адамның жеке қабілеті, қызығушылығы және құндылықтары назарға алынуы керек. Өйткені өзіне ұнайтын салада жұмыс істеу – шынайы табыстың, шығармашылықтың және кәсіби дамудың негізгі кепілі. Қызығушылық пен қабілет үйлескен жерде адам өзін еркін сезініп, өз ісіне ынтамен кіріседі.

Қорытындылай келе, мамандық таңдау – болашаққа бастар үлкен қадам. Бұл – тек жұмыс емес, адамның өмірлік жолы, өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндігі. Әр жас өз қабілетін танып, арманын анықтап, дұрыс бағытты таңдаса, қоғамда өз орнын табатыны анық. Сондықтан мамандықты саналы, жауапкершілікпен таңдау – әрбір жастың басты міндеті.

Қарлығаш НҰРЖАНОВА,

«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті»

Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы,

педагогика ғылымдарының магистрі