Абай ауданының прокуратурасы халықпен кездесу өткізді

Ағымдағы жылдың 23 мамырында «Тиімді көмек» акциясы аясында Абай ауданының прокуроры аудан әкімімен бірлесіп, Абай қаласының тұрғындарымен кезекті кездесу өткізді.

Жалпы, биылғы жылдың басынан бері ауданның барлық ауылдық округтеріндегі халықпен және еңбек ұжымдарымен осындай оннан астам кездесулер өткізілді.

Жеке қабылдауға жүзден астам азамат қабылданып, оларға ауызша заңнамалық түсініктемелер берілді.

Материалдарды зерделеуді және қадағалау шараларын қолдануды талап ететін 5 жазбаша өтініш тіркелді.

Халықты көптен бері мазалап келген 4 проблемалық әлеуметтік мәселе шешілді.

Азаматтардың өтініштерінің негізгі себептері:

— коммуналдық қызметтер тарифтерінің мөлшері және олардың сапасы;

— жергілікті маңызы бар жолдардың жай-күйі;

— әлеуметтік көмек алу мүмкіндігі;

— кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау;

— жайылымдардың болмауы;

Ашық диалог пен кездесулер арқылы халықтың проблемалық мәселелерін шешу жөніндегі іс-шаралар тұрақты негізде жалғасатын болады.

Абай ауданының тұрғындары өзекті сауалдармен әрдайым аудан прокуратурасына онлайн режимінде немесе жеке өтініш арқылы жүгіне алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *