Абаттандыру жұмыстары

Қарағандыда Бұқар жырау даңғылын абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Мұнда қоғамдық орындар ретке келтіріліп жатыр. Жұмыс қалай жүріп жатқанын Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев тексерді.

Қаланың басты даңғылы өзгеріп, оның келбеті, стилі, тарихи бейнесі сақталады. Жоба тұрғындардың тілектерін ескере отырып жүзеге асырылады.

Биыл жұмысты 45-ші орамға дейін жалғастыру жоспарланған. Қазіргі уақытта қырлы тас төселіп, көгал шөп өсіріліп, көпжылдық бұталар – тобылғы мен көпіршікті қырыққұлақ өсетін гүлзарлар құрылуда. Қала тұрғындары мен облыс орталығының қонақтары үшін даңғылға заманауи орындықтар орналастырылады.

Өңір басшысы Пичугин көшесіндегі автожолдың күрделі жөндеуі қалай жүріп жатқанын да тексерді. Вокзал маңындағы алаңнан Ерубаев көшесіне дейінгі учаскеде жол негізін төсеу аяқталды. Гранитті жиектер, нөсер жүйесі және жарықтандыру тіректері орнатылады.

Сондай-ақ, Ерубаев көшесінен Гоголь көпіріне дейінгі жол негізін жайластыру жұмыстары басталды. Жол учаскелері кезең-кезеңімен пайдалануға беріледі.

Қаланы аралау барысында Ермағанбет Бөлекпаев Пришахтинскідегі «Кәусар» оқушылар сарайының құрылыс алаңында болды. Ол 600 орынға арналған және балаларды қадамдық қол жетімділікте қосымша біліммен қамтуды арттыруға көмектеседі. Онда абаттандыру жұмыстары аяқталуда. Мекеменің ашылу салтанаты балаларды қорғау күніне – 1 маусымға жоспарланған.

Облыс әкімі жұмыстың сапасын қатаң қадағалап, нысанды мерзімінде іске қосуды тапсырды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *