Қарағанды облысы прокуратурасының жанындағы Ахуалдық орталық Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша ашылды. Оның негізгі міндеті – азаматтардың құқықтарының бұзылуына жедел ден қою, прокуратура органдарының, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың төтенше жағдайлар мен басқа да дағдарыстық жағдайлардың салдарын жою кезіндегі іс-қимылдарын үйлестіру.
Орталық коммуникация құралдарымен жабдықталған, қаланың бейнебақылау жүйесімен біріктірілген, бұл оқиғаларға жедел ден қоюға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, бүгінгі таңда аппараттық-бағдарламалық кешеннің ақпараттық жүйелерінің қадағалау салалары бойынша негізгі көрсеткіштермен толықтығы жүріп жатыр. Бұл жалпы аймақтағы жағдайды нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді.
Орталық Қарағанды облысы прокуратурасының ғимаратында орналасқан.