Алғашқы әлеуметтік дүкен ашылды

Ақтоғай ауданында алғашқы әлеуметтік дүкен ашылды. Сөрелерде төмендетілген бағамен 17 өнім ұсынылған.

Аудан орталығында дүкенді кәсіпкер Рүстем Алышкенов ашты. Ол «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясынан 0,01 пайызбен қарыз алып, азық-түлік өнімдерін дүкенге төмендетілген бағамен жеткізуге міндеттенеді.

– Жақын арада мен Ақтоғай ауданында үш дүкен ашамын: біреуі Шашубай және Сарышаған кенттерінде, екіншісі Ақтоғайдың өзінде. Бұл аудан Қарағандыдан қашық орналасуына байланысты таңдалды. Тиісінше, азық-түлік бағасы жоғары. Ал біздің дүкендер тұрғындарға оларды төмендетілген бөлшек бағамен сатып алуға мүмкіндік береді, – деді Рүстем Алышкенов.

Әлеуметтік дүкендегі бағалар орташа нарықтық бағадан төмен. Мысалы, тұрғындарға картоп 95 теңгеден, пияз – 60 теңгеден, сәбіз – 100 теңгеден сатылады. Бір килограмм жоғары сұрыпты ұнның құны – 185 теңге.

Бірінші кезеңде кәсіпкер дүкенде төрт адамды жұмысқа орналастырды. Жақын арада басқа үш дүкенге де қызметкерлер қатарын толықтырмақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *