Қарағандыда Ұлттық ұланның құрылған күні аталып өтті

10 қаңтар күні Орталық өңірлік қолбасшылығында Ұлттық ұлан құрамаларының 32-жылдығы аталып өтті. Шараны Орталық өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сакентай Амантайұлы Шекарбеков бастады.

 

Өңір қолбасшысы өз сөзінде әскерлерді төл мерекемен құттықтап, жеке бастауларына сәттілік тілеп, өткен жылдардағы қызметтік қолданысқа бағасын беріп қорытынды жасады.

Мерекелік іс-шара өңір қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Берік Тоқтаров жалпы Ұлттық ұлан мен өңірдің Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктер мен өңірдің қызметтік-жауынгерлік қырағылық үлгілерін, әскери қызметшілердің мемлекеттік, халықаралық дәрежедегі жеңістерін насихаттаумен жалғасты.

32 жылда атқарылған жұмысқа қорытынды жеткізілген соң, ІІМ, ІІМО-Ұлттық ұлан Басқолбасшысы, өңір қолбасшысының ресми құттықтаулары мен бұйрықтары жеткізіліп, біршама офицер, сержанттар салтанатты түрде құттықталды.

Ресми іс-шара Қарағанды облысының Қали Байжанов атындағы «Мерей» ансамблі мен әскери бөлімдердің көркемөнерпаздары ұйымдастырған концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Ұлттық Ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы қойылған барлық міндеттерді толық қамды орындады, жеке біріншілікте өңірдің әскерилері мәдениет және спорт, қызметтік-жауынгерлік қолдану саласында халықаралық, республикалық іс-шараларға жоғарғы дайындық деңгейін көрсете білді. Сондай – ақ, 2023 жылы бірден бірнеше әскери қызметші Үкімет деңгейінде марапатталды, мәселен штаб бастығы-«Орталық» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары полковник Нұрбол Миртаевқа мамыр айында генерал-майор жоғары әскери атағы, өңірлік қолбасшылықтың техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары полковник Владимир Березовиковқа 2-дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталса, жауынгерлік тәлімгер, өңірлік қолбасшылық ардагерлер кеңесінің төрағасы генерал-майор Рүстемханов Ерсайын Шамгонұлына Президент Жарлығымен ерең еңбегі үшін «Құрмет» Ордені табысталған болатын.

2023 жыл ішінде әскери борышын мінсіз орындағаны үшін өңірлік қолбасшылықтың сардарлары қатарына 3 «аға лейтенант», 4 «капитан», 7 «майор», 3 «подполковник» кезекті әскери атағы – мерзімінен бұрын табысталды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *