V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген ұландықтар, есінен танып қалған адамға алғашқы көмек көрсете білді.
Оқиға ағымдағы жылдың 9 қыркүйек күні шамамен 20:40 кезінде орын алады. Қала көшелерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген 5451 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері, көшелердің бірінде есінен танып жатқан адамды байқайды. Қатардағы жауынгер Кирил Трушкин және оның серіктестері қатардағы Жанболат Еспен және Мейіржан Оразаев , бір сәткеде кідірместен, алғашқы көмек көрсете бастайды.
- Біз өзімізге жүктелген міндеттерді орындау барысында, есінен танып жатқан ер азаматқа көзіміз түсті. Көп ойланбастан, жедел жәрдем мамандарын шақырып, алғашқы көмек көрсеттік- деді қатардағы жауынгер Кирил Трушкин
Жедел жәрдем мамандары келген соң, аталмыш азамат ауруханаға алып кетілді. Ұландықтардың қырағылығының арқасында адам өміріне туындаған қауіп сейілді.
ҚР ІІМ ҰҰ «Орталық» ӨңҚ баспасөз қызметі