Қарағандылық ұландықтар жеңістің 80 жылдығына орай мерекелік концерт қойды

Бүгінде еліміздің барлық аймақтарында Ұлы жеңістің 80 жылдық мерейтойына орай көптеген іс-шаралар ұйымдастыруда. Ал еліміздің қалқаны болып жүрген Ұлттық ұландықтар бұл іс-шараларды жүйелі түрде ұйымдастыруда. Мәселен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері 28 ақпан күні мерекелік концерт ұйымдастырды. Қарағанды қаласының ең үлкен сауда үйлерінің бірінде ұйымдастырылған бұл іс-шараны тамашалаған халықтың қарасы көп болды.

Іс-шара аясында жеңіс жылдарындағы әндер шырқалып, тұрғындарға мардымды ақпараттар берілді. Өз кезегінде тұрғындар ұйымдастырылған іс-шараның жас ұрпаққа берер пайдасының көп екендігін атап өтті.

Ұйымдастырушылардың айту бойынша ұлы жеңістің 80 жылдығына арналған бұл іс-шаралар «Жеңіске 100 күн қалды» акциясы аясында өткізілген. Алдағы уақытта аталмыш іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылатыныңда атап өтті.

ҚР ІІМ ҰҰ «Орталық» ӨңҚ Баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *