Турнир қатысушыларының қатарында әлемдік спорт пен киберспорттың аңызына айналған командалар бар: Team Spirit, T1, Team Falcons, Boca Juniors, Valencia Basket, LGD.Pinghu, NOVAQ.
Турнирде Қазақстанның атынан 8 бағыт бойынша 11 команда өнер көрсетеді:
• Phygital Football UFL Presented by Samruk-Kazyna — ACF x Allur, UEL Team;
• Phygital Basketball Presented by Halyk Fund — GTB KZ, PBC Astana;
• Phygital Fighting Presented by Kazzinc — Future Nomads;
• MOBA Mobile MLBB Presented by FREEDOM — Rune Eaters;
• MOBA PC Dota 2 Presented by CenterCredit — Rune Eaters;
• Battle Royale: PUBG BATTLEGROUNDS Presented by Alatau City Bank — DIGA Esports;
• Phygital Shooter CS 2 Presented by Yandex GO — NOVAQ, TeamKZ;
• Phygital Dancing Presented by Solidcore Resources — Гүлназ Аманғали.
Ашылу салтанатының тікелей көрсетілімін «Жібек жолы», «Qazsport» және «Хабар» телеарналары ұсынады, осының арқасында «Болашақ ойындарының» басталуын бүкіл ел көрермендері тамашалай алады. Телекөрермендерді AI-графика, ауқымды LED-инсталляциялар, лазерлік және жарық эффектілері, роботтандырылған элементтер мен әсерлі сахналық қойылым күтеді.
Жарыстар елорданың төрт негізгі спорттық нысанында өтеді: Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешені, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, Beeline Arena ұлттық теннис орталығы, Барыс Арена көпбейінді мұз сарайы.
Кезеңдер күнтізбесі:
• Phygital Basketball Presented by Halyk Fund — 29 шілде — 3 тамыз
• Battle Royale: PUBG BATTLEGROUNDS Presented by Alatau City Bank — 31 шілде — 2 тамыз
• MOBA PC Dota 2 Presented by CenterCredit — 2-5 тамыз
• Phygital Shooter CS 2 Presented by Yandex GO — 4-8 тамыз
• Phygital Football UFL Presented by Samruk-Kazyna — 4-9 тамыз
• MOBA Mobile MLBB Presented by FREEDOM — 6-9 тамыз
• Phygital Dancing Presented by Solidcore Resources — 6-7 тамыз
• Phygital Fighting Presented by Kazzinc — 8 тамыз
Билеттерді сату ресми оператор Freedom Ticketon және Freedom SuperApp мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.
