Ауызсу келер күн жақын

Қарағанды ​​облысында орталықтандырылған су әлі күнге дейін бірнеше ауылдық округке жеткен жоқ. Сапалы ауызсумен қамтамасыз ету жалғасуда. Бүгінде ауылдықтардың 93,6%-ы орталық сумен жабдықталған. Келесі жылы бұл көрсеткіш 100%-ға жетеді деп жоспарланып отыр.

Облыстық Энергетика және тұрғын үй-комму­нал­дық шаруашылық басқар­ма­сы басшысының орынбасары Ар­ман Сәттібаевтың айтуын­ша, 117 ауылда су бар, бірақ оның өзі тұр­ғындар аулаларында өздері қа­зып алған ұңғымаларда ғана. Осы­лайша, 13 мыңнан астам адам әлі күнге дейін орталық­тан­дырылған суға зәру.

– Биыл 15,6 млрд теңгеге 38 су­мен қамту нысаны іске асы­ры­лу­да. Жыл соңына дейін 14 құ­рылыс нысаны мен 26 кешен­ді блок модулін пайдалануға бе­ру­ді жоспарлап отырмыз, – дей­ді Арман Сәттібаев.

Алайда орталық су құбырына қо­сылатын ауылдық округтердің нақ­ты саны әлі толық анық емес. Бұл ретте Энергетика жә­не тұр­ғын үй-коммуналдық ша­руа­шылық басқармасы басшы­сы­ның орынбасары өңірді ауыз­су­мен толық қамту келер жылы ға­на жүзеге асатынын айтады. Ауызсумен қамту бағдарламасын аяқ­тау үшін қарағандылық шен­ділер республикалық бюджеттен тағы 3,5 миллиард теңге бөлу ту­ра­лы жоғары тұрған органдар­ға сұраныс жолдаған.

Бүгінде жергілікті атқарушы ор­гандар кешенді блоктық мо­дуль­дер арқылы ауылдық елдіме­кендерге ауызсу тартуды көз­деп отыр. Бұқар жырау ауда­ны­ның әкімі Ерлан Құсайын:

– Биыл үш елдімекенге су құ­быры тартылады. Келер жылы та­ғы төрт ауылға кешенді блок мо­дульдерін орнату жоспар­лан­са, тұрғындар одан бас тартып отыр. Олар үйлеріне орта­лық­тан­­дырылған су құбыры тар­тыл­ға­нын қалайды. Сонымен қатар бір ауылдың аумағында сібір жа­расынан өлген малдар кө­міл­ген мал қорымдары бар. Тиісінше, ол жерге тіпті блоктық мо­ду­ль орнату да мүмкін емес, яғ­ни суды тасымалдау ғана қал­ды, – дейді.

Егер Бұқар жырау ауда­нын­да ай­тылған мәселе­лер­ге қара­мас­тан, сумен қамта­ма­­сыз ету жағ­дайы жақсы көр­­сет­кіштердің бі­рі болса, ауыз­сумен қамтудың ең төменгі көрсеткіші Қарқаралы ауданында қа­лып отыр. Біле білгенге Қар­қа­ралы – Балқаштан кейінгі об­лыс бойынша туристік аймақ. Аудан әкімі Әділжан Арғынов уәде еткендей, жыл соңына дейін 46 елдімекен сумен қам­ты­лады. Тағы бір су мәселесі бар ау­дан – Шет ауданы, оның әкімі Мұхит Мұхтаров та 29 ауылдық округ пен ауылға су келеді деп сендірді. «Қарағанды ​​облысы бойын­ша барлығы 225 ауыл ор­та­лықтандырылған сумен қам­тылған. Ауызсумен қамту мәсе­ле­сі үнемі бақылауда», – деген бо­латын арнайы жиында Қара­ған­ды ​​облысының әкімі Ерма­ған­бет Бөлекпаев.

«Алда тұрғындардың, әсі­ре­се ауылдық жерлердегі өмір сүру са­пасына тікелей әсер ететін су­мен жабдықтау желілерін салу жә­не қайта жаңарту бойынша үл­кен жұмыс күтіп тұр. Мін­дет­тер айқындалып, қаржыландыру мә­селесі шешілуде. Бұл – бюд­жет­ті құру кезінде ескерілуі тиіс бі­­рінші кезектегі міндет. Жұ­мыс­­ты дұрыс ұйымдастырып, жауапкершілігімізді ұмытпа­ға­ны­мыз абзал», – деп тапсырма да берді аудан әкімдеріне Ерма­ған­бет Бөлекпаев.

Естеріңізге сала кетейік, Пре­­­зидент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкі­меттің жергілікті атқарушы ор­гандарға 2025 жылға қарай ха­лықты 100 пайыз таза ауыз­су­мен қамтамасыз ету міндетін қой­ған болатын.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *