Ауызсу – өзекті мәселе

Қарағанды облысының ауылдарын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету жалғасуда. Бүгінгі таңда ауылдықтардың 93,6% орталық сумен жабдықталған. Келесі жылы бұл көрсеткіш 100%-ға жетеді деп жоспарланып отыр.

– Биыл 38 жоба жүзеге асты. Жыл қорытындысына сай, «құрылыс» бағыты бойынша 14 нысанды және 26 кешенді блок-модульді пайдалануға береміз. Бұл 95,8%-ға жетеді. Барлық ауылдық елдімекенді ауызсумен қамтамасыз ету бойынша жобаны аяқтау келесі жылға жоспарланған, – деп хабарлады облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Арман Саттыбаев.

Халықтың 100% ауызсумен қамтамасыз етілуі келесі жылдың соңына дейін ерекше бақылауда болады, деп атап өтті облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

– Алда азаматтардың, әсіресе ауылдық жерлерде өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін су құбыры желілерін салу және қайта құру бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр. Мақсаты айқын, міндеттері анықталған, қаржыландыру мәселесі шешілуде. Бұл бюджетті қалыптастыру кезінде ескерілуі тиіс басым міндет. Жұмысты дұрыс ұйымдастыру және жауапкершілігімізді есте сақтауымыз маңызды, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *