Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы “Орталық” өңірлік қолбасшылығы 6505 әскери бөлім командирінің кубогіне бөліністер арасында көңілді тапқырлар алаңы ұйымдастырылды

2024 жылдың 27 сәуір күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы “Орталық” өңірлік қолбасшылығы 6505 әскери бөлім командирінің кубогіне бөліністер арасында көңілді тапқырлар алаңы ұйымдастырылды.
Іс-шарада :
-Қарағанды Жайдарман филиалының Студент Лайф лигасының редакторы Абенов Әділ Жасланұлы;
-Қарағанды қаласының Тәттімбет жайдарман тобының мүшесі⁠ Жанкелді Ануархан;
-” Орталық” өңірлік қолбасшылығы ТжӘҚЖ басқармасының аға офицері подполковник Каримов Еркебұлан Жалелұлы әділ қазылар алқасы болып тағайындалды.
Қадірменді қонақ ретінде Шахан кенті әкімінің орынбасары Ержуманов Зару Хамитович шақырылды.
Іс-шараға 6505 әскери бөлімінің командирі полковник Барышев Бауыржан Мұратбекұлы қатысып отырған командаларға сәттілік тілеп, ізгі тілектерін білдірді.
Ойынның соңында қазылар алқасы өздерінің шешімдерін хабарлап:
1 орын -“бөлім командирінің КУБОГЫ”, І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН және сыйлықтар “Бір үйдің балалары”, 2 атқыштар батальонына;
2 орын- ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН және сыйлықтар «9 ЖАР» әскери жайдарман кұрама командасы, 9 атқыштар ротасына;
3 орын — ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН және сыйлықтар “Ұлт мақтаныштары”, 3 атқыштар батальоны иеленді…
Көңілді тапқырлар ойынына белсене қатысқаны үшін “Алғыс хатпен”:
-“Ұлы дала ұландары”- 1 атқыштар батальоны;
-“Сақшылар”- 4 атқыштар батальоны;
-“Жас қырандар” — МТҚР иеленді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *