Әбдіров сапары

2024 жылғы 25 қыркүйекте Нұрлан Әбдіров Қарағанды облысында болды. Ол аймақтың 6 қазанға белгіленген алдағы республикалық референдумға дайындығын тексерді.

Сапар аясында ОРК төрағасы №792 және №794 референдум учаскесінде болып, дауыс беруге дайындық барысымен танысты. Оларды жабдықтау және дауыс берушілер үшін қолайлы жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Аумақтық референдум комиссияларының, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының төрағаларының қатысуымен өткен кеңесте алдағы науқанның негізгі ерекшеліктері талқыланды, жариялылық пен ашықтықты қамтамасыз ету, сайлау процесінің барлық кезеңінде заңдылықты сақтау мәселелері қаралды.

Кездесу барысында азаматтардың тізімін нақтылау, референдумды материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сайлау кезеңінде және сайлау күні заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, референдум учаскелерінде қолжетімділікті қамтамасыз ету, аумақтық, учаскелік референдум комиссияларының референдум өткізуге дайындығы мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, ОРК төрағасы Қарағанды облысының АРК төрағаларымен алдағы референдум туралы азаматтарды ақпараттандыру жұмыстарын ұйымдастыру, референдумда дауыс беретіндердің әрқайсысына атаулы шақыру жіберудің маңыздылығы және т.б. мәселе бойынша жеке кеңес өткізді.

Сондай-ақ, 26 қыркүйекте Қарағанды облысына ҚР ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова және ТМД бақылаушылар миссиясы штабының мүшесі, ТМД Атқару комитетінің кеңесшісі Елена Белоусова келді.

ҚР ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова Қарағанды қаласының РКУ төрағалары үшін республикалық референдумды дайындау және өткізу мәселелері бойынша оқыту семинарын өткізді, сондай-ақ референдум учаскелерінде референдумға дайындық барысымен танысты.

Жалпы өңір бойынша 650 учаскелік комиссия жұмыс істейді, олардың құрамында 4 440 адам бар.

Облыс бойынша барлығы 761 604 сайлаушы тіркелген, оның 4 605-і мүгедектігі бар адам. Олар үшін дауыс беруге барлық жағдай жасалатын болады.

Тұрғындарды әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы ақпараттандыру ұйымдастырылды, арнайы онлайн-сервистер іске қосылды. 15 call-орталық ашылды, 109 қызмет жұмыс істейді.

Манас АҚСАРЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *