Дәурен ҚОШҚАРАЛИЕВ: «Жұмыссыздар саны азайып келеді»

Жұмыссыздықпен күрес елімізде қарқынды жүруде. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы бірі грант алып, кәсіп көзін ашса, енді бірі жұмысқа орналасуда. «Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» да іске асуда. Осы және Еңбек мобильділігі орталығы, Мансап орталықтарының бүгінгі күні атқарған жұмыстары туралы Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қарағанды облысы бойынша еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Дәурен ҚОШҚАРАЛИЕВТЕН  білген едік.

Дәурен мырза, бұрын Жұмыспен қамту орталығы болатын. Қазір басқаша аталады. Осыған тоқталып өтсеңіз?

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексін іске асыру аясында 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда облыс орталықтары мен мегаполистерде жұмыс күшінің мобильді орталықтары құрылып, жұмыспен қамту орталықтары Мансап орталықтарына айналды.

Мансап орталықтары қалалар мен аудандардағы еңбек мобильділігі орталықтарының филиалдары. Жаңа орталықтардың негізгі міндеті ұлттық еңбек нарығының көрсеткіштеріне байланысты жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, өңірлік жұмыспен қамту саясатын жүзеге асыру.

Міне, осы атқарылып жатқан шаралардың арқасында жұмыссыздар саны азайып келеді.

– Жаңа құрылғаннан бері жұмыс іздеген қанша адам табалдырық аттады?

 Бүгінгі күні Қарағанды ​​облысында 13 Мансап орталығы жұмыс істейді.

Биылғы  жылдың басынан бастап Қарағанды ​​облысы бойынша Мансап орталықтарына жұмысқа орналасу үшін 35 502 адам жүгінді, өтініш бергендердің жалпы санының 16 218-і жастар. Жұмыспен қамту шараларымен 19 257 адам қамтылып, 10 546 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Өтініш берген 16218 жастың 10226-сы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылды. Оның ішінде: кәсіптік оқытуға  211-і жіберілсе, «BusinessBastau» бойынша 901 адам оқыды, 563-і сертификат алды. Ал арнайы жұмыс орындарына – 189, жастар тәжірибесіне – 592, қоғамдық жұмыстарға – 1684 жас тартылса, «Ұрпақтар келісім шарты» жобасына — 18,  «Бірінші жұмыс орны» жобасына – 413 жұмыс іздеуші жолдама алды. Тұрақты жұмыспен 6203 адам қамтылды. Ал мемлекеттік грант алған жастар саны 15.

– Еңбек етіп, ақша тапсам деп келгендердің бәрі жұмысқа тұрып кетпейді ғой, жаңа мамандық алсам дегендер де бар шығар?

–  Әрине, келгендерге жұмыспен қатар, оқуды да ұсынамыз. Мысалы, Қарағанды ​​облысында 20 оқу орталығына 506 адам кәсіптік оқуға жіберілді.

Кәсіптік оқытуды жүзеге асыру үшін оқу орталықтарымен 19 мамандық бойынша 62 келісім шарт жасалды. Атап айтсақ, тігінші, аспаз, шаштараз, слесарь – жөндеуші, кассир – бухгалтер, полиграфиялық жабдықтарды реттеуші, электр және газбен дәнекерлеуші, кітап өңдеуші, бағдарламашы, веб-дизайнер, машинист,  тоқымашы мамандықтары бойынша.

– Өз кәсібің ашып, оған қажетті жабдықты алу үшін келгендерге грант беріледі дегенді естідік…

– 2024 жылға арналған Мемлекеттік гранттар беру халықтың әлеуметтік осал топтары санатынан 183 адамға жоспарланған.

Қарағанды ​​облысында халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы адамдарға бизнес-идеяларды дамытуға 1-ағым бойынша 80 грант берілді.

2024 жылы Қарағанды ​​облысында халықтың әлеуметтік осал топтарына жеке бизнесін дамыту үшін 178 грант берілді. Оның ішінде көп балалы отбасылар – 106 адам, мүгедектер – 44 адам, мүгедек бала бағып отырғандар – 18 адам, асыраушысынан айырылғандар – 6 адам, Атаулы әлеуметтік көмек алушылар – 4 адам.

Сонымен қатар, биылғы жылдың басынан бастап «BusinessBastau» бойынша 1 707 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары туралы айтып кетсек… Биылғы жылдың басынан бастап Еңбек мобильділігі орталығы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары бойынша 20 535 жұмыс орнына 6 228 келісім-шарт жасасты.

–   Мүгедектерге арналған арнайы жұмыс орындарын субсидиялау да жүріп жатыр екен, соған кезек берсек.

  Жұмыс берушілердің қызығушылығын арттыру мақсатында мемлекет олардың арнайы жұмыс орындарын құруға жұмсаған шығындарын өтейді, ал бұл қатысушылардың еңбекақысы 3 жылға субсидияланады.

2023 жылдың қорытындысы бойынша Саран, Қарағанды, Шахтинск, Теміртау, Балқаш, Абай және Бұқар жырау аудандарында 12 келісім-шарт жасалып, 12 арнайы жұмыс орны ашылды.

2024 жылға арналған арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыруға жұмыс берушілерден өтініштер қабылданып, оларды тарту бойынша жұмыс берушілерге түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

2024 жылға қарай Еңбек мобильділігі орталығы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 13 арнайы жұмыс орнын ашуды жоспарлаған болатын. Оның 11-і ашылды.

Биылғы жылы өтініш білдірген 1448 мүгедектің 1280-і жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысты.

Оның ішінде: кәсіптік оқыту – 25; BusinessBastau– 233 адам, (155 сертификат алды); арнайы жұмыс орындары – 14 адам; жастар тәжірибесі – 11 адам; қоғамдық жұмыстар – 287 адам; бірінші жұмыс орны – 12 адам; Тұрақты жұмыспен қамтылғандар – 590 адам; мемлекеттік грант – 6 адам; күміс жасы – 102 адам.

– Болашақ жұмысшылар бос орындарды қайдан білуі керек?

Біз ол үшін аудан орталықтары мен қалаларда Бос орындар жәрмеңкесін үйымдастыруды белсенді түрде қолға алдық.

Биылғы  жылдың басынан бастап 5 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, оған 189-ға жуық жұмыс беруші қатысып, 3660 бос жұмыс орындарын ұсынды.

Сондай-ақ 30 мамырда Tanda.Enbek порталында онлайн жәрмеңке өтті. Оған 16 жұмыс беруші қатысып, жәрмеңке қатысушыларына 221 бос жұмыс орнын ұсынды. Бұл сайтқа 130 қатысушы тіркелді.

Сонымен қатар «Jumystap» жаңа жоба өз жемісін беруде. Қарағанды ​​облысында бұл жоба 2024 жылдың маусым айында іске қосылды. Жоба басталғалы бері «Таир» сауда үйі, «Умай» сауда үйі, «Ежик» супермаркетінде, Теміртау қаласының орталық базарында және Қарағанды ​​қаласының Мансап орталығында орналасқан кеңес беру пункттеріне 1310 адам хабарласты. Call-орталыққа 710 адам хабарласты. Қысқа мерзімді оқуға 1298 адам жазылды және оқудан бас тартқандар – 251 адам.

– Жұмыссыздар санын азайтудағы еңбектеріңізге сәттілік тілейміз.

Сұқбаттасқан: Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *