МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Е.Рысқұлбек Шет ауданы мемлекеттік қызметшілері арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жиын барысында мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік тәртіпті қатаң сақтау, қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдік-әдептілік нормаларын ұстану, құмар ойындарға аса назар аудару қажеттігі жөнінде атап өтілді.
Сондай-ақ, жиын барысында, құмар ойындарға тәуелділіктің пайда болуының негізгі себептерін атап өтіп, мұндай шаралардан алшақ болуға шақырды.
Шара соңында қатысушылар қойылған сұрақтарына тиісті түсіндірме, жауаптарын алды.