Ел есінде мәңгі сақталған жас батырларды еске алу іс-шарасы өтті

Ағымдағы жылдың 5 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы “Орталық” өңірлік қолбасшылығында 2022 жылы елімізде орын алған қаңтар оқиғасы кезіңде қаза тапқан Мадияр Қайсаров пен Айбат Амановты еске алу іс-шарасы өткізілді. Аталмыш іс-шара барысында ұландықтар батырларды ұлықтау мақсатында бір минут үнсіздік жариялады. Сондай-ақ, әскери қызметшілерге Айбат Аманов пен Мадияр Қайсаровтың ерлік іс-әрекеті туралы ақпарат жеткізілді.
— Елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында былтырғы қаңтар айындағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Ұлттық ұланның екі әскери қызметкері қаза тапты. Жас сарбаздар өз өмірін өлімге тігіп, халықтың тыныштығы мен әл-ауқаты үшін қойылған міндеттерді батылдықпен орындады. Батырларымыздың рухы Ұлттық ұланның әрбір әскери қызметшісі мен сарбаздарының жанында мәңгі сақталады- деп атап өтті “Орталық” өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сакентай Амантайұлы Шекарбеков.
Естеріңізге сала кетсек Айбат Аманов пен Мадияр Қайсаров қаңтар оқиғасы кезіңде ерлікпен қаза тапқан болатын. Сол іс-әрекеттері үшін қайтыс болғаннан кейін Айбын ІІІ деңгейдегі орденімен марапатталған.

ҚР ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *