Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен кезекті кездесуде Қарағанды тұрғындары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, абаттандыру, жолдарды жөндеу, әлеуметтік сала мәселелерін көтерді.
Байланыс үш сағат бойы жалғасты, өңір басшысы қала тұрғындарының барлық өтінішін тыңдап, кейін тағы екі сағатқа созылған жеке қабылдау өткізді.
Майқұдықтағы жергілікті өзін-өзі басқару өкілі №4 магистральдық су құбырындағы апатқа шағымданды. Бір жыл ішінде төрт апат болған. Қарағанды әкімі Мейрам Кожухов бұл мәселе белгілі екенін және шешіліп жатқанын атап өтті. Су құбыры қала балансына беріледі және ЖСҚ дайындалады. Келесі жылы магистральдың төрт тармағының екеуін ауыстыру жоспарлануда.
Н.Әбдіров даңғылы, 25 үйінің тұрғыны кіреберістеріндегі лифті жұмыс істемейтіне шағымданды. Көршілерімен бірге олар тұрғын үй қорын жаңғырту орталығына өтініш берді, бірақ қаржыландыру жоқ. Келесі жылы өтінім мақұлданады, деп уәде берді тұрғынға. Бүгінгі таңда Қарағанды бойынша тұрғын үй қорын жаңғырту орталығына лифттерді ауыстыру бойынша 15 өтініш келіп түскен.
Федоров тұрғындары шағын көшелерде жарықтың жоқтығына наразы. Жарық тек басты – Молоков көшесінде орнатылған. Қала басшысы бұл мәселе біртіндеп шешілетінін атап өтті.
Келесі жылы мектептерге іргелес көшелерді жарықтандыру жоспарланған.
Саяжай иелерінен де бірнеше сұрақ түсті. Олар бақша учаскелеріне апаратын жолдар жөнделе ме және сумен жабдықтау тарифтерін қайта қарауға бола ма деп сұрады. Облыс әкімі саяжай қауымдастықтары мен бақша учаскелері туралы заң қабылдауға бастама жіберілгенін хабарлады. Егер ол қабылданса, көптеген мәселе өз шешімін табады.
Шағымдардан басқа ұсыныс да келіп түсті. Бірінші топтағы мүгедектер мүдделерінің өкілі оларды шипажайға ертіп жүретіндерге жолдамалар сапарға дейін алдын-ала төленуін ұсынды. Облыс әкімі мәселені зерделеуге уәде берді.
Қала тұрғындары көптеген мәселе шешіліп жатқанын атап өтті, бірақ билікпен тығыз қарым-қатынас орнату ниеттерін жеткізді. Ермағанбет Бөлекпаев белсенді тұрғындармен жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтіп, бір кездері жергілікті өзін-өзі басқару органдарын құруға бастамашы болғанын еске салды.
Кездесуге облыстық басқармалардың басшылары қатысып, өтініштердің бір бөлігі бірден қаралды.
Ермағанбет Бөлекпаев жекелеген мәселелерді бақылауға алды.