23 маусым полиция қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді.
Аталған мереке 2007 жылы Президенттің жарлығымен бекітілген болатын.
Мерекенің маусым айының 23 күні болып бекітілгені де бекерден бекер емес. Тарихқа тоқталсақ, осыдан 34 жыл бұрын яғни 1992 жылдың 23 маусым күні Тәуелсіз Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі құрылды.
Атаулы мерекеге орай қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қосып, қатарда еңбек етіп жүрген полицей қызметкерлерін атап өткенді жөн көрдік.
Әңгімеміз әке арманына қол жеткізген Тоғжан Мұхамеджанова туралы болмақ.
Тоғжан бала кезінде әкесінің форма киіп жүргенін көріп өскен отбасындағы жалғыз қыз бала. Бала кезінен форма киюді армандаған ару 2025 жылы құқық қорғау саласына келуді ұйғарады. Өзінің қайсарлығымен, еңбекқорлығымен аз уақыт ішінде барлық емтихандардан сүрінбей өткен Тоғжан, өзінің қызмет жолын Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы көліктегі полиция басқармасының тылдық қамтамасыз ету тобының технигі лауазымынан бастайды.
Жас маман қызметке үлкен жауапкершілікпен қарады, жұмысына деген адалдығы басшылықтың ризашылығына ілініп, 2026 жылы жеке құраммен жұмыс тобының инспекторы лауазымына ауысып, лейтенант атағын алды.
Қазіргі таңда жас маман жеке құрамның қоғам алдындағы міндеттерін кәсіби түрде орындауына өз үлесін қосып келеді.
Мамандық таңдаудағы басты мақсаты – милицияда қызмет еткен марқұм әкесінің ісін жалғастыру болды.
Қызметінен бөлек, Тоғжан 2018 жылдан бері әскери қоян-қолтық ұрыспен айналысып жүрген спортшы. Бүгінгі күні осы спорт түрінен Қазақстан Республикасының қола жүлдегері атанып үлгерген, спорт шеберінен үміткер.
Жеке құраммен жұмыс тобының инспекторы ретінде Тоғжан қазіргі таңда басқарма жеке құрамының тиімді жұмыс жасауына өз үлесін қосып қана қоймай, өзінің балаларына, жас ұрпаққа үлгі болып жүр.
Анасының жолын қуған екі ұлы да спорттан алыс емес. Үйдің кішісі Нұржан футболмен әуесқой айналысса, үйдің үлкені Асылхан аралалас жекпе-жектің ішіндегі «Пенчак Силат» (индонезиялық және малайлық жекпе-жек өнерінің түрінен) 2024 жылы Дубайда өткен Әлем чемпионатында өз қатарластарының ішінде чемпион атағын иеленген.
Осындай ел тыныштығын күзетіп жүрген антына берік, ісіне бекем полиция қызметкерлерін атаулы мерекемен құттықтай отырып, дендеріне саулық,отбасыларына амандық тілейміз.
Жансая Садуақасова,
Қарағанды-Сұрыптау ст. КПБ АСт
