Әкелер күніне орай «Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ «Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ бірлесіп қалалық мәслихат депутаттары М.Қ. Түсіп және А.В. Бочаров қатысуымен «Жасыл ел» сарбаздарымен іс-шара өтті.
Іс-шара аясында спикерлер отбасы құндылықтарының маңыздылығын, балаларды тәрбиелеудегі әкенің рөлінің маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар, жастарды ата-аналарын құрметтеуге және қолдауға шақырды, өйткені дәл отбасы олардың болашағының негізін қалыптастырады.