Мұзбел ауылында саябақ абаттандырылуда

Нұра ауданының Мұзбел ауылының саябағында 150 шаршы метрлік балалар алаңы, көлемді жарықтандырылған әріптер, жарықтандыру тіректері мен шамдар, орындықтар мен урналар орнатылды. Сондай-ақ, веложарыс үшін 300 метрлік жолақ белгіленді.

– Қазір саябақта тартан төселген ойын алаңы, әткеншектер, балансирлер және құмсалғыш бар. Абаттандыру жұмыстары келесі жылы жалғасады. Баскетбол және волейбол кортын орнату жоспарланған. Сондай-ақ бейнебақылау камераларын қоямыз, – деді Мұзбел ауылының әкімі Айнұр Бекмағамбетова.

Биыл ауылға кіре берісте және саябақта 12 көше тіректері мен жарықдиодты шамдар орнатылды. Бұрын жарық мүлдем болмаған.

Мұзбел көшелеріндегі жамдарды ауыстыру жұмыстары да жалғасады.