Мерекелік көңіл-күй сыйлады

Қарағанды қаласының тұрғындары мен Наурыз мейрамына келген  қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін қоғамдық көліктер безендіріле бастады.

12 наурыздан бастап қала  көшелерінде наурызға орай безендірілген жеті автобус қатынайды. Осылайша, № 3 автопарк қала тұрғындарын келе жатқан мерекемен құттықтау туралы шешім қабылдады.

«Ауа-райы әлі көктем келгенін сездіртпесе де, адамдар қазірдің өзінде жылу мен сұлулықты қалайды. Сондықтан біз жолаушыларымызға мерекелік көңіл-күй сыйлауды шештік. Біз автобустарымызды қызыл қызғалдақтардың, киіз үйлердің, ұлттық киімдегі қыздардың бейнелерімен және дәстүрлі қазақ ою-өрнектерімен безендірдік. Жарқын және көктемгі қуанышқа бөлендік», – дейді автопарк басшылығы.

Мерекелік автобустар жолаушыларды № 1, 5, 43, 45, 118э, 122 және 146 қалаішілік және қала маңындағы маршруттар бойынша тасымалдайды.

Әділ БЕК

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *