Мерекелік шара өтті…

6 мамыр күні Орталық өңірлік қолбасшылығында 7-9 мамыр күні қарсаңында мерекелік шара өткізілді.

Шара барысында Орталық өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы бірінші орынбасары — штаб бастығы полковник Ильяс Сағындықов өңірлік қолбасшылықтың біршама офицерлері мен келісім шарт бойынша әскери қызметшілерін ІІМ полиция генерал-лейтенанты Ержан Сәденовтің, ІІМ орынбасары — Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Ботақановтың, өңір қолбасшысы генерал-майор Сакентай Шекарбековтің бұйрықтарымен марапатталды.

— Отан қорғаушылар күні, Ұлы Жеңіс күнінің 79 жылдығы баршамызға құтты болсын. Сонау сұрапыл жылдардан қалған күн әрбір Қазақстандық үшін, барша жеңіске жетелеген ардагерлеріміз үшін қасиетті, тарих бетіне тағзым ретінде, жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеу жолында рөлі өте зор, — деді полковник Ильяс Сағындықов.

Салтанатты шараны Қарағандылық Қали Байжанов атындағы өнерпаздары жалғастырып, атап айтқанда өнерпаздар «Алаш ұраны», «День Победы», «Смуглянка» әндерін шырқап әскери қызметшілерге қайталанбас көңіл күй сыйлады.

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы Орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *