Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңының, ҚР Үкіметінің нормативтік актілерінің талаптары сәйкес мемлекеттік архивтер жұмысы архив ісін одан әрі дамытуға және жетілдіруге, жоспардың негізгі көрсеткіштері бойынша жұмыс көлемін орындауға, құжаттардың есебі мен сақталуын қамтамасыз етуге, «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін беру немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін уақтылы және сапалы орындауға бағытталған.
2024 жылы негізгі көрсеткіштерді орындау мақсатында Шахтинск қаласының мемлекеттік архивімен келесі шаралар жүзеге асырылды:
Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бойынша:
1) құрылыс ұйымдарының 14 қорының құжаттарының бар-жоғын және жай-күйін 4573 сақтау бірлігі көлемінде, оның ішінде 895 сақтау бірлігі көлемінде тұрақты сақтау, жеке құрамы бойынша 3678 сақтау бірлігі көлемінде тексеру жүргізілді;
2) «Степная» шахтасының 93 архивтік қоры және Ленин атындағы шахтасының 94 архивтік қорының және шахта құрылысы басқармасының архивтік қорларының мұқабаларын ауыстыру арқылы 300 сақтау бірлік құжаттарды тігу арқылы қағаз түріндегі құжаттардың физикалық жағдайы жақсартылды. Ленин атындағы шахтасының 94 архивтік қорының құжаттарының 200 сақтау бірлігі, 2 000 бетті түзету жалғастырылды;
3) картондау арқылы жыл ішінде келіп түскен құжаттардың барлық көлемін, сондай-ақ шахта жасау ұйымдары қорларының құжаттарын қайта картондау – 3000 сақтау бірлік қамтылды;
4) құрылыс ұйымдарының 14 архивтік қорының есепке алу құжаттарының кешенін салыстырылып тексерілді;
5) «Казахстанская», «Степная», Ленин атындағы, «Шаханская» шахталарының архивтік қорларында 2500 сақтау бірлігі мөлшерінде қағаз негізіндегі аса құнды құжаттарды анықтау жұмыстар жүргізілді.
Республиканың Ұлттық архив қорын қалыптастыру, мекемелердің, ұйымдардың және кәсіпорындардың ведомстволық архивтердін ұйымдастыру-әдістемелік басқару және іс жүргізуінде құжаттарды ұйымдастыру бойынша.
Архив қорларын мемлекеттік архивте жинақтау жұмыс істеп тұрған ұйымдардың жинақтау көздерінің құжаттарын қабылдау есебінен жүзеге асырылады. Құжаттардың құндылығын сараптауға, құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу, ұйымдардың тізімдемелерін жасау бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсетілді. Орталық қалалық ауруханасының, Шахтинск қаласының мәдениет бөлімінің құжаттары мемлекеттік сақтауға алынды. Қағаз негізінде тұрақты сақталатын 500 басқару құжаттама қабылданды. Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген дәрігерінің жеке текті құжаттарын сақтау, денсаулық сақтау үздігі, Шахтинск қалалық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі С.Мұратбекованың, «Шахтинский вестник» газетінен 50 бірлік фотоқұжат, мемлекеттік архивте өңделмеген күйдегі медициналық ұйымдардың біріккен қорының 100 бірлік сақтау құжаты қабылданды.
Өтініштерді ресімдеу кезінде қателіктердің алдын алу, «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы арқылы жұмысты жандандыру мақсатында Шахтинск қаласының ХККО қызметкерлерімен «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінді көшірмелер беру» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша 2 семинар өткізілді, іс жүргізу және архивтік қызмет бойынша жинақтау көздері бар 37 ұйыммен 8 семинар өткізілді, 20 мекеме мен ұйымдардың іс жүргізу номенклатуралары келісілді.
Тұрғын үйлер мен пәтерлерді жекешелендіру шарттарын, сондай-ақ электрондық базаға енгізу жолымен ордерлерді тұрақты сақтау құжаттарына ғылыми-анықтамалық аппарат жасау жалғастырылды.
Атаулы күндерге 9 көрме, 5 кездесу, 7 тарих сабағы, 3 ашық есік күні, 2 экскурсия, 3 іскерлік ойын мен конкурстар, 4 дөңгелек үстел өткізілді.
«Шахтинский вестник» газетінің құжаттары бойынша «Шахтинск қаласының Тәуелсіздік жылдарындағы негізгі оқиғаларының жылнамасы» күнтізбесі дайындалуы жалғастырылды.
Шахтинск қаласының мемлекеттік архивімен 2024 жылы келесі шаралар ұйымдастырылды:
Қарағанды қаласының құрылғанына 90 жыл толуына орай «Қарағанды бойынша серуендер» фотоқұжаттық көрмесі; Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 35 жылдығына орай ОКЖ №2 филиалымен бірлесіп технологиялық колледж оқушылары үшін ауған ардагерлерінің құжаттарының жылжымалы көрмесі және «Память без срока давности» атты ауған жауынгерлерімен кездесу; «Невада-Семей» Халықаралық ядролық қозғалысының 35 жылдығына орай қаланың жастар ресурстық орталығымен бірлесіп «Семей ядролық полигоны: тарихы, сынақтары, салдары» дөңгелек үстелі; 8 наурызға орай «Сұлулық әлемді құтқарады» ұжым әйелдері арасындағы конкурстық бағдарлама; Наурыз мерекесіне Қазақстан халықтарының «Армысың, Әз-Наурыз» халықтық-қолданбалы өнер көрмесі. Дәстүрлі шай кеші мен ұлттық тағамдар бар ашық есік күні; Кеңес Одағының батыры Ә.Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай «Аңыздан шыққан қыз» фотокөрмесімен тарихи-танымдық сағат; Тың және тыңайған жерлерді игерудің 70 жылдығына орай колледж студенттеріне арналған «Армысың, тың жер» бейнеролигімен тарих сағаты; Жеңіс күніне орай «Ол бізден қалай алыс болды» фотоқұжаттық көрмесі. Тыл еңбеккері Л.М.Костельцевамен кездесу; Долинка кентінің 115 жылдығына орай «Долинка – кеше және бүгін» бейнеролигі және фотосуреттер; Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай әңгіме және «Тарих қайғылы жолдар» фотоқұжаттық көрмесі; Мемлекеттік рәміздер күніне орай архив қызметкерлер арасында мемлекеттік рәміздерді білуге арналған «Брейн-ринг» зияткерлік ойыны; Астана күніне орай «Астана – бұл бір әлем» фотокөрмесі; Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіровтің 115 жылдығына арналған «Ұлы ер ұрпаққа үлесі» фильмін тамашалаумен тарих сағаты; Қала күні мен кеңшілер күніне орай «Сүйікті қаланың сұлбалары» фотокөрмесі, Шахтинск қаласының Құрметті азаматы Т.М.Каирскакпен кездесу; Конституция күніне орай «Конституцияға арналады» дәрісі; «Архив және болашақ ұрпақ» республикалық жобасын өткізу аясында ашық есік күні және №1 мектеп-гимназиясы мен № 9 ЖББМ оқушыларына арналған архив қоймасына экскурсия; С.Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Сәкен Сейфуллин ақиық ақын» атты тарих сағаты; Қазақстан Республикасы күніне орай «Менің Отаным – Қазақстан» атты №9 жалпы білім беретін мектебінің оқушыларымен сынып сағаты; Архившілер күніне орай еңбек ардагерлері мен қызметкерлерін қарсы алу және оларға құрмет көрсету кеші, «Архивтер – адамдарға» фотоқұжаттық көрмесі.
Мемлекеттік архив қызметкерлері жұмыс уақытының негізгі бөлігінде әлеуметтік-құқықтық сипаттағы азаматтардың сауалдарын орындаумен айналысады. Шахтинск қаласының мемлекеттік архиві 1 мемлекеттік қызмет көрсетеді: «Архивтік анықтамаларды, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерді беру».
2024 жылы Шахтинск қаласының мемлекеттік архиві 2 461 архивтік анықтама берді. Архившілер 9 000 парақты немесе 181 сақтау бірлігін қалпына келтірді. Сақтандыру қорын құру үшін 94 242 парақ немесе 700 сақтау бірлігі цифрландырылды. Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві базасына 1 759 іс немесе 700 құжат енгізілді.
Бейбіт ҚУАНЫШЕВ,
Шахтинск қаласының мемлекеттік
архивінің басшысы