Өнерлі ерлі-зайыпты

Шет ауданының тұрғыны Дана Жалғабекова күйеуімен бірге үш жыл бойы домбыра жасаумен айналысып келеді.

Осы уақыт ішінде олар 30 ұлттық музыкалық аспап жасады.

Қарағанды облысы әкімінің жастар кәсіпкерлігін қолдауға арналған грантын алған қолөнершілер шағын отбасылық бизнесті жаңа деңгейге шығару үшін қажетті жабдықтар сатып алды.

– Біз Ағадыр ауылында тұрамыз. Домбыра жасаумен айналысқанымызға үш жыл болды. Негізгі шебер – менің күйеуім. Ал мен бұйымдарды лакпен сырлап, әшекейлеп, басқа да жұмыстарды атқарамын. Бұл біздің шағын отбасылық бизнесіміз. Өткен жылы Қарағанды облысы әкімінің «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауына қатысып, грантқа ие болдым, ол қаржыға біз станоктар сатып алдық. Бұрын күйеуім бәрін қолмен істесе, енді біздің жұмысымыз әлдеқайда жеңілдеді. Сапаға үлкен мән береміз. Өз ісімізді одан әрі дамытуды жоспарлап отырмыз, – деді Дана.

Музыкалық аспаптарды сатып алушылар – Шет ауданының ғана емес, Астана, Қарағанды қалаларының тұрғындары.

Қолөнершілер бизнесті кеңейтіп, шеберлерді жұмысқа қабылдауды жоспарлап отыр.

Өмір БАЙБОСЫН

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *