Қазақстан құрамасы Оңтүстік Корея елінің Канвонында өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Команда құрамында Теміртау хоккей мектебінің екі тәрбиеленушісі болды.
Үшінші орын үшін өткен матчта қазақстандықтар 6:5 есебімен Австрия құрамасын жеңді. Бірнеше күн бұрын топтық кезеңдегі ойында хоккейден ұлттық құрама австриялықтармен кездесіп, қарсыластарынан 8:9 есебімен жеңіліп қалды. Бірақ қазақстандықтар әдемі реванш көрсетті.
Жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегерлері қатарында Теміртау хоккей мектебінің екі тәрбиеленушісі – Роман Мичуров пен Егор Кравченко (2008 ж. т.) бар.
Бұл Канвондағы отандық жас олимпиадашылардың үшінші медалі. Бұған дейін трамплиннен секіруде Илья Мизерных чемпион атанып, шорт – трекист Полина Омельчук қола жүлдеге ие болды. Осылайша, Қазақстандықтардың активінде бір алтын және екі қола награда бар.