Ағымдағы жылдың 16 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығында әскери кеңес өткізілді. Аталмыш әскери кеңеске «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 7 әскери бөлім қатысты. Шараны «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сакентай Амантайұлы Шекарбеков ашты. Сондай-ақ, отырыс барысында өңірлік қолбасшылықтың қолбасшысы генерал-майор Сакентай Амантайұлы Шекарбеков өткен жылғы қызметтік жауынгерлік жұмыс нәтижесін сарапқа салды.
Сондай-ақ аталмыш іс-шара барысында өңірлік қолбасшылыққа қарасты әскери бөлім командирлерінің есептері тыңдалды. Шара қорытындысында өңір қолбасшысы генерал-майор Сакентай Амантайұлы Шекарбеков 2025 жыл өте маңызды жыл екенің атап өтті. Сөз соңында өңірлік қолбасшылықтың қолбасшысы әскери бөлімдердегі қызметтік-жауынгерлік қолданысына өз бағасын беріп, бөлім басшылықтарына биылғы жыл мен өткен жылдарға салыстырмалы талдау жасауы бойынша тапсырма берді.
ҚР ҰҰ «Орталық» ӨңҚ Баспасөз қызметі