Қарағанды облысында криминалдық полиция қызметкерлері жедел түрде жергілікті тұрғындарға қомақты шығын келтірген мал ұрлығының үш фактісін ашты. Жедел іздестіру шаралары барысында 71 жастағы фермердің қорасынан 13 бас ірі қара малын ұрлады деген күдікпен 27 және 33 жастағы екі жергілікті тұрғын ұсталды.
Келтірілген шығынның жалпы сомасы 4 миллион теңгені құрады. Ұсталғандар мойындау көрсетпелерін берді. Сот күдіктілерге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.
Сонымен қатар полицейлер сол ауданда орын алған тағы екі қылмыстың бетін ашты. Олардың бірі 27 жастағы ер адам, ол 45 жастағы жергілікті тұрғынның бір жарым жасар бұқасын ұрлағанын мойындады. Ұрланған мүлік тері және бес дорба ет түрінде ішінара тәркіленді.
Тағы бір оқиға бойынша 59 жастағы ауыл тұрғынының жылқысын ұрлады деген күдікпен 24 жастағы жігіт анықталып, ұсталды. Ұсталған адам өз кінәсін мойындады.
Барлық фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды, тергеу жүргізілуде.
Жыл басынан бері Қарағанды облысының аумағында мал ұрлығының 26 фактісі тіркеліп, оның 18-і ашылды. Полицейлер ұрланған 263 бастың 196-сын иелеріне қайтарды.
Полиция департаменті азаматтарға өз мүлкін қорғау үшін сақтық шараларын сақтауды және кез келген күдікті әрекет туралы дереу хабарлауды ескертеді.
Полицейлер қылмыс үшін жазаның бұлтартпастығына кепілдік береді және аймақ тұрғындарынан қырағылық танытуды сұрайды.