Ағымдағы жылдың 5 қыркүйек күні Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының самбо күресінен дәстүрлі жарысы басталды. Аталмыш жарысқа, Степногорск, Көкшетау, Қостанай, Петропавл қалаларынан келген 70 тен астам спортшы қатысуда. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл сайыстың ашылу салтанатын «Орталық» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының штаб бастығы полковник Сагандыков Ильяс Ниязұлы ашып берді
- Бүгінгі күні сарыарқа өңіріне еліміздің әр аймағынан жиналған ұландықтар бар күштерін салып жеңіс үшін таласатын болады. Бұл жарыста жеңімпаздар да жеңілген спортшылар да болады. Құрметті спортшылар сіздерге бұл жарыста тек сәттілік тілеп, жеңімпаз атанған ең мықты спортшылар Ұлттық ұлан чемпионатында өңірлік қолбасшылық атын асқақтады деген үміттеміз.
Айта кетейік, аталмыш жарыс үш күнге созылатын болады. 10 салмақ дәрежесі бойынша өткізелтін бұл сайыс, айналмалы кезеңдерден тұрады. Яғни әрбір спортшы бір бірімен кездесіп шығатын болатын. Жарыс жеңімпаздары қыркүйек айының 7 сі күні белгіленеді.
ҚР ҰҰ «Орталық» ӨңҚ баспасөз қызметі