Жылыту маусымына дайындық Қарағанды облысы басшылығының және энергетикалық қадағалаудың тұрақты бақылауында.
Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев Шахтинск ЖЭО-на кезекті рет барып, жөндеу науқанының барысын тексеріп, станция басшылығымен және мердігерлермен кеңес өткізді.
Облыс әкіміне жұмыстардың кесте бойынша жүріп жатқаны туралы баяндалды.
Биыл жоспарға негізгі және қосалқы жабдықтарды ағымдағы және күрделі жөндеу енгізілген.
– Қазір үш қазандық агрегатында монтаждау, бөлшектеу жұмыстары жүргізілуде. Екі турбоагрегатта ағын бөлігі бойынша жұмыстар аяқталды. Генераторлар бойынша жөндеу жұмыстары аяқталуда. Қазандықтарға келетін болсақ: екеуі дайын, қазір монтаждауға дайындық жүріп жатыр, алдағы уақытта тағы үшеуі орнатылады, – деді «Шахтинстеплоэнерго» ЖШС техникалық директоры Абылай Сейдуәлі.
Оның айтуынша, келесі аптада көмір жеткізу бойынша тендерді қорытындылау керек, содан кейін бірден жинақтау басталады.
Шахтинск қаласында осы жазда 3,7 км жылу желілерін ауыстыру жоспарланған болатын. Жұмыстың негізгі көлемі орындалды. Сонымен қатар, 2 км құбырдың жылу оқшаулағышы қалпына келтіріледі.
Ермағанбет Бөлекпаев қала басшылығы мен ЖЭО-ға жылу беру маусымына дайындықтағы жауапкершілік туралы еске салды.
– Сіз қысқа дайындық үшін жеке жауап бересіз. Қаржыландыру бар, барлық мәселелерді уақтылы шешіңіз! Нақты нәтижелерді күтеміз. Қала тұрғындарының үйіндегі жайлылық жылу көзінің тұрақты жұмысына байланысты, – деп атап өтті облыс әкімі.