Мамырдың 3 мен 4 аралығында Екі мәрте Кеңес Одағының батыры Талғат Бигелдинов мектебінде әскери құрылымдардың арасында волейболдан жарыс өтті. Жарыс Халық Қаhарманы Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығы мен Рейхстагқа Ту тіккен Кеңес Одағының батыры Рақымжан Қошқарбаевтың құрметіне арналды. Аталмыш додаға Орталық аймағының әскери прокуратурасы, Қарағанды облысының ІІМ полиция департаменті, ІІМ Ұлттық ұланның Орталық өңірлік қолбасшылығы, Әскери тергеу басқармасының Әскери полициясы, Қарулы күштерӘскери полициясы, Қарулы күштері әскери бөлімдері, ТЖД, ЖАС ҰЛАН әскери мектебі Астана өңірлік қолбасшылығының құрамымен жалпы есепте 10 құрама командасы қатысты.
Екі күндік кездесуде әскерилер барынша ынтасын салып бірінен бірі асып тартысты ойын көрсете білді. Соңғы кездесулерде ведомства басшылары өзі спорттық деңгейде мықтылығын көрсетуде спортшыларды барынша қолдап, тактика әдісіне де аса назар аударды.
Мамырдың төрті күні ширек финалда әскери прокуратура, Орталық өңірлік қолбасшылығы, Астана өңірлік қолбасшылығының спортшылары кездесіп спорт алаңын үшке бөлді.
Шешуші сәтте басымдықпен алға мықтап, екі өңірлік қолбасшылығының құрамы финалға жетіп алғашқы таймда 1:1 есебімен тең келсе, 2 таймда Ұлттық ұланның жеке құрамы намысқа басып айқын басымдықпен қарсыласын жайпап салып жеңіс тұғырынан көрінді.
Шара қорытындысы бойынша:
орын — Ұлттық ұлан Орталық өңірлік қолбасшылығы;
орын — Астана өңірлік қолбасшылығы;
орынды Орталық аймағының әскери прокуратурасы иеленді.
Жеңімпаздарды Орталық өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сакентай Амантайұлы Шекарбеков, Орталық аймағының әскери прокуроры полковник Данияр Жұмаділов пен Астана өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы полковник Ержан Ибраев марапаттап, келе жатқан Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы Орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.