Сыздықова ұлықталды

Қарағанды облысының полиция департаментінде ЖҚАЖ инспекторы Эльмира Сыздықованы спорттағы кезекті жетістігімен құттықтады. Анталияда (Түркия) өткен «Яшар Догу» халықаралық біріншілігінде ол күміс медаль жеңіп алды.

Эльмира Сыздықова Қазақстан құрамасына алты марапаттың бірін жеңуге үлес қосты. Еркін күресте ол 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екінші болып, финалда әзірбайжандық қарсыласынан жеңіліп қалды.

Полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов жүлдегерге ІІМ символикасы бар қол сағатын табыс етті.

Эльмира Сыздықова 18 жасынан бастап еркін күреспен айналысады. Спортта биік белестерді бағындырып келеді. 2016 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарында қола медаль жеңіп алды. Халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жүлдегері және жеңімпазы. Бүгінгі таңда әлемдік рейтингте Эльмира Сыздықова төртінші орында тұр.

Спортшының екі жоғары білімі бар – «дене шынықтыру» және «құқықтану» мамандықтары бойынша. Спортты ішкі істер органдарындағы жұмысымен сабақтастырып келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *