Табиғаттың көркем тұстары мен көрінісі

Табиғаттың көркем тұстары мен көрінісі дегеніміз – табиғаттың әсемдігі мен сұлулығы, оның адам сезіміне әсер ете білуі. Табиғаттың көркем тұстары – табиғаттың түрлі элементі мен құбылыстарының әртүрлі түсі мен пішіндері, олар адам баласының жан дүниесін бейбітшілікке, қуаныш пен әсемдікке толтырады. Бұл көріністер біздің айналамыздағы табиғаттың нәзік әрі үйлесімді сұлулығын сезінуге мүмкіндік береді.

Табиғаттың біз білмейтін, біз кейде бағаламай жататын құбылыстары таулар мен өзендер.

Таулар табиғаттың ең әсем көріністерінің біріне жатады. Олардың биік шыңдары адам таңқаларлық көрініске жатады.

Көлдер мен өзендерге тоқталатын болсақ, су – табиғаттың әсем әрі тыныштандыратын бөлігі. Көлдер мен өзендер, әсіресе, таңғы немесе кешкі уақытта, өзінің тыныштық пен бейбітшілікті сездіретін суымен адамға ерекше әсер етеді.

 

Табиғат пен адам арасындағы үйлесім

Табиғаттың ішкі сұлулығы адам ішіндегі сезімі мен жан дүниесімен байланысты. Табиғат – адамның ішкі жан дүниесін тыныштандыратын, тыныштыққа шақыратын ұлы күш. Табиғаттың әсем көріністері мен бейбітшіліктері үмітті сергек сыйлайды. Табиғаттың көріністері адамдарды ойлануға мәжбүр етеді. Таулардың биіктігі, ормандардың тереңдігі, өзендердің ағысы – бұл табиғаттың мәңгілік өзгерісі мен шексіздігін білдіретін философиялық символдар. Табиғат арқылы адам өз өмірінің мәнін, өзінің ішкі әлемін түсінуге тырысады.

Табиғаттың көркем тұстары деп отырғаным ол сырттай табиғаттың өзіндік құбылыстары ғана емес, адамның ішкі жан дүниесін тыныштандыратын құбылыс. Адамның ішкі жан дүниесі аласапыран құбылыс болып жатса, осы табиғатқа барып, өзін түсініп, сергіп алуына көмектеседі. Табиғат – ол біздің ең басты мақтанатын байлығымыз. Басқа елден адамдар келсе, біз өз ортамызды жерімізді осы табиғатымызбен таныстырамыз. Демек, тамаша табиғатымыздың баға жетпес керемет көріністерін көрсететін боламыз.

Алпысбек Айсана,

Қарағанды қаласы

№26 жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *