Цифрлық шахталар

Qarmet компаниясының барлық көмір шахталарында өндіріс процестерін нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін DMMS цифрлық платформасы орнатылады.

Атап айтқанда, шахталарда қызметкерлер мен техниканың қозғалысына мониторинг жүргізу, қауіпті аймақтардағы кеншілердің орналасқан жерін қадағалау, адамдардың құлау немесе қозғалмау жағдайларын анықтау, газ датчиктерін бақылау, сейсмомониторинг жүргізу және барлық шахталардың орталық диспетчерлік бөлмесін басқару, оның ішінде диспетчермен жедел байланысу қарастырылады.

Компания 15 сәуірден бастап барлық шахталарда жаңа цифрлық платфорсаны, сондай-ақ Тау-кен басқармасында бірегей орталық диспетчерлік пунктті енгізуді бастайды. Жұмыстарды Qarmet компаниясы өнеркәсіптік қауіпсіздікті ұйымдастыру жөніндегі инвестициялық міндеттемелер шеңберінде жоспарлайды және биыл аяқталады.

Цифрлық платформаны жеткізуші қазақстандық AG TЕСН компаниясы болып табылатынын атап өткен жөн. Жүйе қазірдің өзінде бүкіл әлем бойынша 800 шахтада қолданылады, Қазақстанда ол 30 шахтада қолданылады. DMMS Қазақстанның өнеркәсіптік қауіпсіздік тұжырымдамасына енгізілген және ҚР ТЖМ мақұлдаған.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда позициялау жүйесі Qarmet көмір департаментінің сегіз шахтасының екеуінде орнатылған. Бұл өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысын едәуір қиындатады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *