Мемлкеттік қызмет істері агентігінің қарағанды облысы бойынша департаментіне қызмет алушыдан мемлекеттік қызмет алу барысында бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша шағым түсті.
1993 жылы туған қызмет алушы «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бөліміне «Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» қызметін алу үшін жүгінген.
Алайда, қызмет алушы ХҚКО алған туу туралы куәлікте өрескел қателіктердің жіберілгенін байқап, мемлекеттік қызметтің сапасына қатысты Департаментке шағым білдірді.
Департаментпен аталған шағым негізінде тексеріс шаралары жүргізіліп, өрескел бұзушылықтар анықталды.
Нақтырақ айтқанда, құжатта туған жері «Қарағанды қаласы, Совет ауданы» деген жерде азаматтың туған жері «Қазақ КСР»-деп қате көрсетілген. Сонымен қатар, аталған құжатта тіркеу бөлімі басшысының қолы қойылмаған.
Тексеріс шараларының қорытындысы бойынша ХҚКО басшысының атына қателікті жою бойынша шаралар қабылдау жөнінде хат жолданып, қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Департамент азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ете отырып, көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылауды және туындаған проблемаларға жедел ден қою бойынша жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп отыр.
Қаламқас СЕРҒАЗИНА,
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Қарағанды облысы бойынша департаменті
Мемлекеттік қызмет саласындағы
бақылау басқармасының бас маманы