Ақтоғай ауданында облысымыздағы алғашқы «Жас турист» лагері ашылды. Әрбір оқушыны алдымен жақсылыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана білуге үйрету және балалардың жаз мезгіліндегі демалысын тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау.
Сонымен қатар балаларға қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып олардың бойына салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімдерін жетілдіру, салт — дәстүрін дамыту, отансүйгіштік — патриоттық сезімін арттыру мақсатында Ақтоғай ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Жас турист» маусымдық туристік киіз үй жазғы лагері ашылды.
Ашылу салтанаты барысыңда Ақтоғай ауданы əкімінің міндетін атқарушы Аманжолов А. құттықтау сөз сөйлеп, Шабанбай би ауылының ардақты ақсақалы Есқожин Қайролла ақ батасын беріп, ақ жол тіледі. Шара шағын концертке ұласып, лагерьмен таныстыру жұмыстары жүргізілді.
Лагерьде 7–9 сынып оқушылары арасынан ауданның барлық мектептерінің оқушылары өз демаласын өткізеді, əр маусым 30 оқушыны қамтиды.
Манас АҚСАРЫ