Президент айтқан басты мақсат – азаматтардың табысын арттыру және әділетті Қазақстан орнату, сол жолға түсу. Бұл өте дұрыс деп ойлаймын, өйткені бізге бұған барлық мүмкіндіктер бар. Жолдауда айтылған жаңа салық кодексін қабылдау, көлік логистикасы, темір жол саласындағы жаңа тариф мәселесі, атом энергетикасының қажеттілігі, жасанды интелект, цифрландыру, табиғатты аялау, туризмді дамыту, су ресурстарын үнемдеу, кадрлық мәселе, грант, 2025 жұмысшы мамандықтар жылы, білім беруді жетілдіру, мемлекеттік тапсырыс, бұқаралық спортты дамыту, әлеуметтік мәселені арттыру, экономикалық ахуалды жетілдіру, мемлекеттік басқару, азаматтардың қаржылық сауатын көтеру өте орынды айтылған. Сонымен қатар қаржы саясатын озық үлгімен алмастыру, мемлекеттік басқарудың тиімділігін, әділеттілігін жетілдіру, заң үстемдігін жоғары деңгейге көтеру, тәртіп мәселелеріне айрықша мән берілген. Бұл айтылған, ұсынылған Президент Жолдауы халыққа, қоғамға, мемлекет дамуы, өркендеуі үшін аса қажетті дүние. Осыған орай бұл Жолдау бүкіл халықтың ойынан шығып, қазір мемлекетіміздің барлық аумақтарында басқару, оқу-өндірістік салаларында, мемлекеттік емес ұйымдарда кеңінен талқыланып, кең қолдау тауып отыр. Мемлекет басшысы өз Жолдауының түйіні ретінде бірлік бар жерде тірлік барын еске салып, ел азаматтарын отанымыздың алдында адал қызмет етуге, абыройлы іс жасауға, терең білім алып, ерінбей еңбек етуге шақырды.
Әлия ӘШІМОВА,
«Аманат» «Жастар рухы» партиясы аудандық филиалының Жастар қанатының жетекшісі