Қарағанды облысында баламалы энергетиканың тағы бір ірі нысаны пайда болады. Өңір әкімдігі China Energy компаниясымен Осакаров ауданында 500 МВт 65 жел генераторын салу туралы меморандумға қол қойды.
Бұл осы ауданда шетелдік инвестицияларды тарту арқылы жүзеге асырылып жатқан екінші жоба. Жаңа жел паркі Сарыөзек ауылында болады.
– Мұндай станцияларды салу – ел Президентінің Қазақстанның көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі маңызды стратегиялық бастамаларының бірі. Біздің өңір үшін де үлкен маңызға ие, – деп атап өтті облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.
Жел қондырғыларының ірі өндірушісі China Energy Overseas Investment Co. Ltd. аумаққа алдын ала талдау жасады. Компания басшысы Сяодан Линь хабарлағандай, мамандар желдің жылдамдығын өлшеп, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін дайындайды.
– Біздің өткен кездесуімізден кейін көп жұмыс атқарылды, жобаны жүзеге асыруға дайындықта белгілі бір прогреске қол жеткізілді, – дейді Сяодан Линь. – Біздің талдауға сай жел ресурстары жобаның талаптарын қанағаттандырады. Біз оның болашағы оң болатынына сенімдіміз.
Осакаров ауданында жел қондырғыларын салатын алаң кездейсоқ таңдалған жоқ.
Ол жыл бойы жел соғатын аймақта орналасқан. Әсіресе, Осакаровка – Сарыөзек – Тельман учаскесі.
Еске салайық, ауданда 150 МВт-тық басқа инвестициялық компанияның жел қондырғылары бар. Алтауы тұрғызылды, жетіншісі аяқталуға жақындап қалды. Бар-жоғы 21 қондырғы орнатылады. Сондай-ақ 20 жұмыс орны құрылады.
– Біз қазір ауданда инвесторларды тарту бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Сондай-ақ, 500 МВт жел станцияларын орнату бойынша үшінші жоба бойынша келіссөздер жүргізудеміз. Үш жобаны жүзеге асыру ауданның жасыл энергетика саласындағы ұстанымын нығайтып қана қоймай, қосымша салық түсімдері мен жаңа жұмыс орындарын әкеледі, – деп атап өтті Осакаров ауданының әкімі Руслан Нұрмұханбетов.