Құжат қабылдау қашан басталады?

Бірінші сыныптарға құжаттарды қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Қарағанды облысының білім басқармасының ақпараты бойынша, жаңа оқу жылында өңірде 17 200-ге жуық бірінші сынып оқушылары мектеп табалдырығын аттайды деп күтілуде.

Өтініштерді қабылдау eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы электрондық форматта және «е-Білімал» жүйесі арқылы жүргізіледі.

Ол үшін келесі құжаттар қажет:

— ата-аналардың (немесе оларды алмастыратын адамдардың)өтініші;

— баланың денсаулық жағдайы туралы құжаттар (баланың денсаулық паспорты № 026 / у-3, № 063/у нысаны бойынша Медициналық анықтама);

— 3х4 екі фотосурет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *