Жылу маусымына дайындық барысы қалай

Балқашта жылу желілерін қайта жаңарту жалғасуда. Магистральдық құбырлардан басқа, орамішілік құбырлар ауыстырылуда. Жөндеу жұмыстармен 25 шақырым қамтылды, оның ішінде өткен қыста апаттар болған проблемалық учаскелер де бар. Бұл қаланы жылумен жабдықтау сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Балқашқа іссапары кезінде жұмыстың барысы мен сапасын тексерді.

Өңір басшысына бәрі кесте бойынша жүріп жатқаны баяндалды. Жұмыс көлемі ұлғайды: егер өткен жылы 14 км жылу желілері ауыстырылса, биыл 25 шақырым құбыр жаңартылды. Жылыту маусымы басталғанға дейін барлығы толығымен аяқталуы тиіс.

Қалада су құбыры желілері де қайта жаңғыртылуда. Биыл 14 шақырымды ауыстыру жоспарланған.

– Мен Балқашқа үнемі келіп отырамын. Бұл сапардың мақсаты – жылу маусымына дайындықты тексеру. Жұмыс белсенді жүріп жатқанына көз жеткіздім. Міндет – тұрғындарды тұрақты және сапалы жылумен қамтамасыз ету. Сумен қамтамасыз ету мәселесі де шешілуде. Бұған қаражат бөлінді. Мердігерлердің жоспарланған көлемдерді мерзіміне және сапалы орындауын қадағалау қажет, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Сондай-ақ, облыс әкімі қаланы дамыту бойынша негізгі жобалардың іске асырылуы туралы хабардар етті.

Өңір басшысы кешенді қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатқан Балқаш әуежайында болып қайтты. Қазіргі уақытта мердігер ұшақтардың жермен жүру жолы мен перронды жаңартумен айналысуда. Биыл жұмыстың осы бөлігін аяқтау жоспарлануда. Жоба сонымен қатар әуежай ғимаратын қайта құруды және жаңа арнайы көлік қызметінің ғимаратын салуды қамтиды.

Ермағанбет Бөлекпаев қала жағалауының абаттандырылуын да қарап шықты. Жұмыстар қарқынды жүріп жатыр, жөндеу жұмыстарының бірінші кезегі қыркүйекте аяқталады деп жоспарланған.

Жағалау аумағында жаңа аллеялар, балалар ойын және спорт алаңдары, велосипед жолы, тротуарлар және т.б. болады. Суға ыңғайлы және қауіпсіз кіру үшін граниттен жасалған баспалдақтар салынуда.

Аймақ басшысының назарынан жайлы мектеп құрылысы да тыс қалған жоқ. 900 орындық жаңа оқу орны С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиядағы жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта ғимарат толығымен салынған, ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Мектеп барлық заманауи талапқа сай болады.

Облыс әкімі Ә.Ермеков атындағы мектеп-лицейге де барды. Бұл жерде бюджет қаражаты мен «Қазақмыс» корпорациясына жөндеу жұмыстары жүргізген. Оқу орнында электр коммуникациялары жаңартылды, бөлменің қабырғалары оқшауланды. Сонымен қатар, оқу кабинеттеріне жаңа жиһаз сатып алынды.

Ермағанбет Бөлекпаев денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жобалармен де танысты. Балқашта балалар мен ересектерге арналған оңалту орталығы ашылады. Сондай-ақ бос тұрған ғимараттардың бірін дәрігерлер үйіне қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Медицина мамандары үшін 30 пәтер жабдықталады. Бұл дәрігерлердің жетіспеушілігін шешуге көмектеседі.

Облыс әкімінің назарына өнеркәсіп саласында да жоба ұсынылды. Балқашта мыс балқыту өндірісінің түтін күлін қайта өңдеу зауыты салынады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *