Жылыту маусымының қорытындысы шығарылды

Шахтинскте, барлық облыстағыдай жылыту маусымы аяқталды. Биыл ауқымды жөндеу науқанының арқасында ол тұрақты өтті. Шахтинск ЖЭО жылу және электр энергиясын өндіруді ұлғайтты.

– Шахтинск өңірі ерекше назарда. Жылыту маусымының табысты аяқталуы – бұл сіздердің, барлық қызметкердің еңбегі. Алда әлі көп жұмыс бар, – деді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Аймақ басшысы Шахтинск ЖЭО мен Шахан орталық қазандығының бірқатар қызметкеріне алғысхаттар тапсырды.

– ЖЭО-да он жылдан астам уақыт релейші болып жұмыс істеймін. Өткен жылы станцияда жабдықтар жаңартылды, көмір жақсы болды. Маусым үздіксіз өтті. Ұжымымыз нығайды. Қазір менің мамандығым бойынша оқытпайды, біз жастарды қабылдап, тәжірибе алмасуға дайынбыз. Ең бастысы – жұмыс істеу ниеті болса болды, – дейді марапатталғандардың бірі электр-техникалық зертхананың бастығы Валерий Пономаренко.

Соңғы үш жылда станцияда жабдықтардың тозуы 5,3%-ға, ал жылу желілерінің тозуы 6,3%-ға төмендеді.

Облыс әкіміне алдағы жөндеу науқаны туралы да баяндалды. Дайындық басталды, жұмыстардың бір бөлігіне мердігерлер анықталды, басқалары бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Жабдықтарды жөндеу жұмыстары мамыр айында басталады.

– Негізгі және қосалқы жабдықтарды жөндеу жоспарланған. Үш қазандық пен бір турбинаға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Сондай-ақ, жылу желілерінің алты учаскесінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жылу оқшаулағышты қалпына келтіруді жалғастырамыз. Шахан кентінде де құбырларды жөндейміз, ал қазандықта көмір беретін ұсақтағышты қалпына келтіру жоспарланған, – деп хабарлады «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС техникалық директоры Абылай Сейдуәлі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *