8 наурыз қалай тойланады?

Халықаралық әйелдер күніне орай Қарағандыда концерттер, көрмелер, спорттық және басқа да ойын-сауық іс-шаралары өтеді.

 

6 наурыз

С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры, 15:00

«Гүлдермен көктем гүлдеді» мерекелік концерті.

 

«Шалқыма» концерт залы, 18:30

Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптары академиялық оркестрінің «Вальс кеші» атты концерті.

 

«Жастар» СК, 19:00

Zumba-fitness бойынша тегін шеберлік сабағы.

 

Ж. Бектұров атындағы кітапхана, 14:00

«Біздерге әсемдік жарасады» мерекелік дамыту ойыны.

 

«Сарыарқа» үстел теннисі орталығы, 11:00

Үстел теннисі бойынша турнир.

 

7 наурыз

«Аққу», «Здоровье», «Нұрби», «Восток» балалар жасөспірімдер клубтары, 12:00

«Тамшы сыңғыры» мерекелік бағдарламасы.

 

М. Әуэзов атындағы кітапхана, 15:00

«Жүрек жылуы» конкурстық бағдарламасы

 

8 наурыз

Кеншілер мәдениет сарайы, 13:00

50-ден асқандарға арналған дискобағдарлама. Кіру тегін.

 

Теміржолшылар МҮ, 12:00

«Бар жұлдыздар сүйіктілерге» мерекелік концерті.

 

Жаңа Майқұдық МҮ, 12:00

«Ардақты аналар, аяулы арулар» мерекелік концерті.

 

«Молодёжный» МҮ, 12:00

«Аяулы, асыл жандар, Сіздер үшін» мерекелік концерті.

 

Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры, 15:00

«Әйелдерге гүл сыйлаңыздар» мерекелік концерті. Кіру тегін.

 

10 наурызға дейін

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейі, 10:00–18:00

Қарағандылық суретші Виктор Аренттің «Қарапайым сұлулық» атты көрмесі.

 

14 наурызға дейін

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, 09:00–18:00

«Кимешек – ана болудың ұлы белгісі» атты көркем-этнографиялық көрме.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *