Бір орында тұрып қалу – даму емес. Алға жылжу үшін батыл қадам мен жүйелі реформа қажет.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл пікірі – бүгінгі уақыттың нақты талабын дөп басқан ой. Қоғам да, экономика да, басқару жүйесі де тоқтаусыз өзгерісті қажет етеді. Себебі уақыт күтпейді, ал бәсекеге қабілетті ел болу үшін үздіксіз жаңғыру маңызды.
Реформа – тек заң қабылдау емес. Бұл – әділеттілікке ұмтылу, халықтың өмір сапасын арттыру, мемлекеттік басқаруды тиімді ету. Алға нық қадам басу дегеніміз – қиын шешімдерден қашпау, жауапкершілікті сезіну және болашақ үшін бүгін әрекет ету.
Қазақстан үшін басты бағыт – даму жолынан таймау.
Ал бұл жол реформасыз мүмкін емес.
