Құқық бұзушылықтардың және жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы Көліктегі полиция басқармасының қызмет атқару аумағында 09-13 ақпан аралығында «Назар аударыңыз, жолда – адам!» акциясы өтуде.
Күн сайын Қарағанды облысының аумағымен қырыққа жуық жолаушылар және жүк пойыздары өтеді. Әрине, мұндай жүктеме кезінде азаматтар мен жолаушылардың теміржолдағы қауіпсіздігі өте маңызды және қырағылықты, сақтықты және жауапкершілікті қажет етеді. Кез келген қателік өкінішті нәтижеге әкелуі мүмкін. Қарапайым ережелерді сақтамау өмірге шығын әкелуі мүмкін. Жазатайым оқиғалардың жолын кесу және алдын алу мақсатында көлік сақшылары қызмет ету аумағындағы үйлерді және аулаларды аралау жұмыстарын жүргізіп, халыққа темір жолдан өту кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Түсіндіру жұмыстарымен бірге тәртіп сақшылары теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ережелерді бұзған құқық бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартуда. Жыл басынан бері Қазақстан Республикасының 559 бабы 5 бөлігі «белгіленбеген жерлерде теміржол арқылы өту» бойынша 253 адам әкімшілік жауапқа тартылған.
Жүргізілген талдаулар бойынша жазатайым оқиғалардың негізгі себептері азаматтардың негізсіз асығыстығы мен абайсыздығы, өтпелі көпірлерді пайдаланғысы келмеуі болып табылады.
Есіңізде болсын, қауіпсіздік-бұл алдымен әр адамның жеке жауапкершілігі!
Жансая САДУАҚАСОВА,
Қарағанды-Сұрыптау станциясы
КПБ АСт инспекторы
полиция майоры
