Білімге ұмтылыс – жеңіске бастар жол

Қазақ тілі – ұлт руханиятының өзегі, мәдениет пен тарихтың айнасы. Осы құндылықты жастар арасында дәріптеу мақсатында ұйымдастырылатын қазақ тілі олимпиадалары студенттердің білімін шыңдап қана қоймай, олардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға зор мүмкіндік береді.

Мақала авторы жетекшілігімен СИБ-25-5 тобының студенті Вагнер Гельмут «Clever Quizzes» ресурсының ақпараттық платформасында ұйымдастырған  «Қазақ тілі» пәні бойынша олимпиадаға қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Бұл жетістік – жүйелі дайындықтың, үздіксіз еңбектің және қазақ тіліне деген құрметтің нақты нәтижесі. Білімге ұмтылыс – жеңіске бастар жол.

Студенттерді олимпиадаға қатыстыру студенттің білімін тереңдетіп, жүйелеуге мүмкіндік береді. Шығармашылық және сыни ойлауын дамытады. Өзіне деген сенімділікті, жауапкершілікті қалыптастырады. Бәсекелестік ортада өз ойын еркін қорғауға үйретеді. Дарынды, қабілетті студенттерді анықтауға және қолдауға жол ашады. Теориялық білімді практикада қолдануға үйретеді.Шығармашылыққа негізделген сабақ студентті белсенді, сенімді әрі бәсекеге қабілетті тұлға етіп қалыптастырады.

Қарлығаш НҰРЖАНОВА,

«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті»

Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы,

педагогика ғылымдарының магистрі