Қазіргі индустрия дәуірінде металлургия – экономиканың негізгі тіректерінің бірі. Кез келген өндіріс саласын алсақ та, оның дамуы металлсыз мүмкін емес. Құрылыс, машина жасау, энергетика, көлік – барлығы металлургия өнімдеріне тәуелді. Сондықтан «Металлургия: өндірістің алтын діңгегі» деп аталуы бекер емес.
Металлургия – металдарды өндіру, өңдеу және олардың қасиеттерін жақсарту үдерістерін қамтитын күрделі әрі маңызды сала. Бұл мамандық иелері табиғи ресурстарды тиімді пайдаланып, сапалы өнім шығаруға, өндірістің дамуына және жаңа технологияларды енгізуге үлес қосады. Бүгінгі таңда елімізде металлургия саласы қарқынды дамып, жоғары білікті мамандарға сұраныс артып отыр.
Бұл мамандықтың маңыздылығы бірнеше факторлармен түсіндіріледі. Біріншіден, металлургия – экономиканың қозғаушы күші. Өнеркәсіптің дамуы тікелей осы салаға байланысты. Екіншіден, жаңа технологиялардың дамуы металл сапасын арттыруды, өндірісті автоматтандыруды талап етеді. Үшіншіден, металлург мамандары экологиялық қауіпсіздікті сақтай отырып, өндірісті тиімді ұйымдастыруға атсалысады.
Білім алушылар оқу барысында металдардың қасиеттерін, оларды өңдеу технологияларын, заманауи өндірістік жабдықтарды, автоматтандыру жүйелерін меңгереді. Сонымен қатар тәжірибелік сабақтар арқылы өндіріс орындарымен танысып, болашақ кәсібіне нақты қадам жасайды.
Құрметті талапкерлер! Сіздерді Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетіне оқуға шақырамыз! Егер сіз техникаға қызығатын, өндіріс саласында еңбек еткіңіз келетін, жауапкершілігі жоғары талапкер болсаңыз – металлургия мамандығы сіз үшін дұрыс таңдау!
Металлург болу – ел индустриясының дамуына қосылған зор үлес!
Қаламқас ҚАЛЫБЕКОВА,
«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті»
Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының профессоры, ф.ғ.к.
