Ел үшін маңызды жиын

Күлтөбенің басындағы жиында  ел қамы,  жұрт ісі шешілсе, біткен істің нәтижесі сараланса маңыздысы сол болар.

Сан ғасырлық қазақ тарихымен шешіресінің куәсі болған қасиетті Ұлытаудан бастау алған жаңа заманның жаңарған Құрылтайы елдіктің өзекті мәселелерінің түйінін тарқатар ортаға айналып келе жатқаны жасырын емес.

Биылғы Құрылтай Сарай Бату, Сарай Берке болған Ұлы Алтын Орданың астанасының мұрагері көне қала Сарайшық маңында, кәрі Атыру жерінде өтуінің ұлттық сананы ояту мағынасында маңызы ерекше.

Сонымен небір айшықты ойлар мен келелі пікірлер айтылған биылғы Құрылтайдың өзегі ұлт болып ұйысу мен еңсесі биік өркениетті елдер қатарына қадам басуға, сол жолда атқарылар қыруар шаруаларға назар аударған жиын болғаны анық.

Осы Құрылтайда сөз алған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қоғам мен экономиканың даму бағыттарына тағы бір мәрте тоқталып, еңселі елдің құраушысы сапалы адами капитал екенін қадап айтты. Олай дейтінім Президент «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» әрбір азаматтың сапалық қыры мен әділеттіліктің жеке тұлғаның өзінен басталатынын атап өтті.

Әділетті қоғам құруда жауапкершілік жүгі ауыр болатынын, әр азамат дамыған қоғам құру ісіне адал еңбегімен, адал ісімен атсалысу керектігін, әділеттік сөзінің қадірін қашырмау керектігін тілге тиек етті.

Түркі әлеміне аты мәшхүр ойшыл бабамыз Жүсіп Баласағұн «Өз пайдаңды ойлама – ел пайдасын ойла: өз пайдаң соның ішінде» деген тәмсілі табысты ел болудың миссиясына айналмақ.

Серікжан БАЙБОСЫНОВ,

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Мемлекеттік басқару академиясы филиалының директоры

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *