ХАБАРЛАНДЫРУ!

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Абай әндері мен күйлерін орындаушылар фестивалінің ЕРЕЖЕСІ.

 

Мақсаты мен міндеттері:

  • қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, данышпан ақын Абай Құнанбайұлы мұрасын насихаттау;
  • қатысушы өнерпаздарды ынталандыру.

 

Фестивальдің өткізілу барысы:

Көрермендерге Абайдың әндері мен өлеңдерін әр тілде орындаушылардың, сондай-ақ күйлерін орындаушылардың концерті ұсынылады.

 

Фестивальға қойылатын талаптар:

  1. Фестивальге ұлтына қарамай Абай шығармаларын орындайтын жастар қатыса алады.
  2. Абай әндері мен өлеңдерін басқа тілдерде орындаушылар болса құпталады.

 

Фестивальдің өткізілу тәртібі:

  1. Қатысушылар ұлттық киімде немесе сахна мәдениетіне сай киім үлгісінде болуы керек;
  2. Фестивальге қатысушыларға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар тапсырылады.

Қосымша мағлұматтар: Өтінім shyrakcenter@mail.ru поштасына   2 тамызға  дейін қабылданады. Байланыс телефоны: +7 702 231 1685

 

Өтінім үлгісі:

 

Қатысушының аты-жөні (толық) Ұлты WhatsApp

нөмірі

Жұмыс орны
1        

 

Өткізілетін орны: Жаңа Майқұдық мәдениет үйі

Өткізілетін күні, уақыты: 5 тамыз

 

Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту,

дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ

«Қарағанды қаласының «Шырақ» тілдерді оқыту орталығы» КММ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *