Жүлдемен оралды

Өткен аптада Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласында жасөспірімдер арасында Дәстүрлі садақ атудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Соңғы жылдары осы спорт түрі елімізде дамып келе жатқаны анық. Балалар және жасөспірімдер спорт мектептерінде арнайы ашылған үйірмелер оған қатысқан балаларымызды шыдамдылыққа, жүйке мықтылығына үйретіп, өткір көздің және қуатты қолдың шеберлігін арттыратыны анық. Садақ ату 1900 жылдан бастап Олимпиада ойындарының тізіміне енгенін айта кетуіміз жөн.

Аталған біріншілікке Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, 17 облыстың, барлығы 382 садақ атушылары қатысты. Спортшылар 10-11, 12-13, 14-15, 16-17 жас мөлшерлері арасында бақ сынасты. Жарысқа Ақадыр Балалар және жасөспірімдер мектебінің спортшылары да қатысып, 10-11 жас аралығында жерлесіміз Жеңіс Нұрасыл Пута нысанасы бойынша жүлделі үшінші орынды жеңіп алды. Мергеніміздің жаттықтырушысы спорт мектебіндегі садақ ату үйірмесінің оқытушысы Жеңісов Нұрбол.

Спортшымызды осы жүлделі орнымен құттықтай отырып, бұдан да биік жеңістерге жете беруіне тілектес болайық!

Қалижан БЕКҚОЖИН,

Ақадыр кенті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *