Қоғамдық бақылау

Қарағанды қаласындағы №3 емханада азаматтық қоғам өкілдері және МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаменті қызметкерінің  қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық бақылау жүргізілді.

Бақылаудың негізгі мақсаты – көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін бағалау, сондай-ақ халыққа қолайлы жағдайлардың жасалу деңгейін анықтау.

Қоғамдық бақылау нәтижесінде бірқатар кемшіліктер анықталып, оларды жоюға бағытталған нақты ұсынымдар әзірленді. Сонымен қатар, қызмет көрсету сапасын жетілдіруге қатысты ұсыныстар берілді.

Департамент мұндай шараларды жүйелі түрде өткізіп, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруды тұрақты бақылауда ұстап келеді.

Әділ БЕК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *